Кызмет атқаруларымыз

Біздің өкілдіктеріміз

This is an initiative of our company aimed at providing high quality services in the market of business development consulting. Learn more about it.

About Us Біз туралы Кім біз?

Кім біз?

Біздің компания AI International Projects Development Inc.- бұл  кіші және орта бизнес үшін кедергілер мен тосқауылдарды анықтау мен нивелирлеу, оларды дамыту және халықаралық нарыққа шығару жолындағы  ұзақ жылдар бойына қызметтік нысаны болып табылатын канадалық консалтингтік фирма.Бұл жұмыстың нәтижесі осындай мекемелер үшін сервистің коммерциялық тұжырымдамасын жасау болды. Өз қызметімізде біз инвестиция, тауарды жылжыту, қызмет көрсету және компаниялар, маркетинг және ІТ салаларында бизнесті жүргізу және ұйымдастыру үшін заманға сай әдістерді қолдана отырып, ылғи халықаралық озық және табысты тәжірибелерге арқа сүйейміз, біз серіктестермен  жұмыс жасауда жоғары деңгейде бірлесіп және кешенді түрде жұмыс жасауды тірек ете отырып, сенімділік, өзара сенім көрсету және ұзақ мерзімді ынтымақтастық қағидаларына негізделеміз. Біз ұзақ мерзімді келешекте тәжірибелік қорытындының клиенттің орнықты жетістігіне елеулі түрде үйлесуін  бағыттаймыз. Клиент үшін біз жұмысымыздың шамаланған нәтижесін шынайы бағалаймыз және де біздің міндетіміз  жобамыз бен бірлескен жұмысымыздың қаржы өнімділігі  біздің қызметімізге деген шығындардан біршама деңгейде басымдырақ болуы деп есептейміз.

                Нәтижеге қол жеткізу үшін біз жақсы халықаралық тәжірибелерді және өзіміздің маркетинг, инвестиция, халықаралық нарықта инвестицияларды дамыту және жылжыту, тауарлар мен қызмет көрсету саласындағы үлкен тәжірибемізді пайдаланамыз. Біздің қызметкерлеріміз - олар халықаралық тәжірибеге бай және қойылған тапсырманы қалыпсыз шешетін  ең жоғары деңгейдегі мамандар.

                  Біздің аспаптар мен технологиялар - бұл біздің қызмет саламыздағы технологияларды жасаудың заманға сай қағидалары мен әдістері, сонымен қатар нарықтың өзгешелігіне, клиент компаниясының даралығына, оның жобалары мен қажеттіліктеріне негізделіп, әр нақты жағдайда оны жүзеге асыратын креативті тәсіл.

            Біздің негізгі стратегиялық міндетіміз - клиенттерге бизнесінің халықаралық және жергілікті нарықта өсуі мен тұрақты дамуы үшін, барлық мүмкіндіктерді пайдаланып ең жақсы жағдай жасау болып табылады.

            Біздің потенциалдық клиенттер - бұл ең алдымен даму қарқынында тұрған шынай компаниялар, олар жоғары сатыға көтерілу қажеттілігін сезінеді немесе өз өткізу нарығын, әріптестік байланыстар мен тілдесулерді кеңейту, жаңа өткізу немесе жеткізу каналдарын дамытуға ұмтылатын компаниялар.

            Біз клиенттер мен серіктестерімізге халықаралық Даму мен Алға басу, Инвестициялар, Сақтандыру мен Несие беру, Маркетингтік және Аналитикалық қолдау көрсету, бизнесті ұйымдастыру және Жылжымайтын мүлік саласындағы кез келген деңгейдегі жәрдем көрсету, қолдау және олардың орындалуын іске асыруға, сонымен бірге басқа да қызметтер мен жұмыстардың кең спектрін ұсынуға дайынбыз.

 

МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ АНАЛИТИКА

         Еуропада, Америкада, Канадада немесе Кариб су алабында жұмыс жасайтын, компанияның сенімділігі мен несие өтеу қабілеттілігі жайлы ақпараттарды беру;

         Тапсырыс берушілер мен өнім, тауар  тұтынушыларды, олардың жұмысы мен қызметтерінің сенімділігін тексере отырып,  іріктеу және іздеу;

         Бағалар мен сұраныс деңгейін зерттеу;

        Тауар немесе қызмет көрсету дәрежесі бойынша нақты бір нарықтың даму перспективасын зерттеу.

 

ДАМУ ЖӘНЕ АЛҒА БАСУ

        Тапсырыс берушілер мен дистрибьюторларды таңдау және іздеу;

        Сертификация және әртүрлі меншік құқықтарын тіркеу;

        Халықаралық шараларға қатысу (көрмелер, экспо және т.б.);

        Жарнамалық, промо-, маркетингтік шаралар мен компанияларды ұйымдастыру;

         Сауда аудандары мен сайттарын жасау;

         Кез келген деңгейдегі және типтегі сыртқы нарықты дамытудың толық кешенді қызметі;

 

ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ НЕСИЕ БЕРУ

         Инвесторларды іздеу және қаржылық өзара әрекеттесу жобасын жасау;

         Бизнес-жоспар құру және оны іске асыру;

         Кез келген көлемдегі халықаралық жобаларды дайындау және іске асыру;

         Солтүстік Америка және Еуропа банктері қарауға және қабылдауға жарамды барлық құжаттарды дайындау;

         Жобаларды жақтау (жобаны қарауға және инстанцияда  жоба бастамашылдардың қызығушылықтарын білдіретін жобаны жіберуді ұсыну).

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР

         Белгілі бір тауар мен қызметтерді сату немесе алу үшін үкіметтік немесе жекеше компаниялар ұсынатын,  Келісімшарттар туралы ақпаратты тұрақты негізде ұсынамыз және де солар арқылы біздің клиенттердің мүддесіне коммерциялық ұсыныстар жасаймыз;

         Компаниялардың сенімділігі мен несие беру қабілеттілігін тексеру;

         Кез келген көлемдегі халықаралық шараларды ұйымдастыру және дайындау;

         Өнімдер, тауарлар мен қызметтерді тұтынушылар мен тапсырыс берушілерді іздеу.

 

БИЗНЕС ЖӘНЕ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК

         Бизнесті немесе франшизаны Канада, АҚШ, Еуропа және Кариб су алабы елдерінен сату/сатып алуды жүзеге асыру;

         Өкілдіктерді ашу және тіркеу;

         Жылжымайтын мүлік пен меншік құқығын тексеру;

         Жылжымайтын мүлікті сату және сатып алу;

         Мәмілелерді бақылап отыру.

 

 

БИЗНЕС ҮШІН БАСҚА ДА ҚЫЗМЕТТЕР

         Бизнес-жоспарларды дайындау;

         Мәмілелерді бақылау;

         Компанияларды тексеру (Сенімділік, Несие беру қабілеттілігі);

         Қызметті аналитикалық бақылау және бизнес үшін шешімдер қабылдау;

         Нарықты маркетингтік талдау;

         Кез келген жобалар мен мәмілелерді Сақтандыру және Қамту.

 

 

            AI International Projects Development Inc.,конструктивтік сұхбатқа ашылған және Сізді  ұзақ мерзімді, перспективті ынтымақтастыққа шақырады.